«Түлектер аллеясы» – игі дәстүрдің бастауы Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» тобы » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлектер аллеясы» – игі дәстүрдің бастауы Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» тобы
13
май
2026

«Түлектер аллеясы» – игі дәстүрдің бастауы Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» тобы

«Түлектер аллеясы» – игі дәстүрдің бастауы
Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары балабақша аумағын көркейту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл игі бастама – балабақшаға деген құрмет пен алғыстың, сондай-ақ өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың үлгісін көрсетудің жарқын көрінісі. Отырғызылған әрбір көшет бүлдіршіндердің балабақшадағы бақытты балалық шағының естелігі ретінде ұзақ жылдар бойы жайқалып өсетін болады.
Балабақша ұжымы осы ізгі іске атсалысқан ата-аналарға шынайы ризашылығын білдіреді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде балабақша аумағы көркейіп, тәрбиеленушілер үшін жайлы әрі жасыл орта қалыптасуда.
Табиғатқа қамқорлық жасау – келешек ұрпаққа жасалған маңызды инвестиция. Осындай игі істер жалғасын тауып, жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.