Буллинг
Балабақшадағы буллингтің алдын алу Буллинг – бұл бір баланың екінші балаға әдейі және бірнеше рет психологиялық немесе физикалық қысым көрсетуі. Ол мазақтау, итеру, ойынға қоспау, қорқыту сияқты әрекеттер арқылы көрінуі мүмкін. Буллинг ерте жастан байқалуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу балабақшада өте маңызды. Балабақшадағы буллингтің алдын алу үшін ең алдымен балаларға мейірімділік, сыйластық және достық туралы түсінік беру қажет.