Отбасындағы жағымды қарым-қатынас – бала дамуының негізі
Ата-ананың ерте жастан қамқорлық жасауының арқасында баланың дұрыс даму процесі жүзеге асырылады. Отбасында бала қоғамдағы болашақ дербес өмірге дайындалады, оған рухани құндылықтар, адамгершілік нормалар, мінез-құлық үлгісі, салт-дәстүрлер беріледі. Балалар отбасының басқа мүшелерімен, туысқандармен, таныстармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Біреуін олар жақсы көреді, біреуінен қашып жүреді, біреуімен ақылдасады, біреуіне сүйіспеншілік білдіріп, біреуінің сүйкімсіздігін жақтырмайды. Балалар