Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуында неге назар аудару керек. » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуында неге назар аудару керек.
15
декабрь
2025

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуында неге назар аудару керек.


Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуында неге назар аудару керек.

  • Дыбысты  айту  жағдайы: Бала алты жасқа қарай барлық дыбыстарды айта білу керек   


  • Фонематикалық үрдістердің  жағдайы:

Бұл тарауда  баланың  белгілі дыбыстармен  сөздерді таңдау ептілігі, қарапайым дыбыстық талдау және синтез дағдыларын білу (сөздегі  бірінші және соңғы  дыбыстарды  анықтай білу,  дыбыстардан сөз құрай білу, дыбыстар санын санай білу), ба-па-ба, та-ца-та, вы-вы-фы және т.,б. тіркестерді ажырата және  қайталай білу  қарастырылады.

  • Грамматикалық құрылымның жағдайы:

Сөз жасауға (ал-алма), сөз өзгертуге жекеше-көпше (орындық-орындықтар), келістіруге (көк орындық), меңгеруге (үйде орындыққа отырдым деген секілді) назар аудару керек.

  • Сөздің буын  құрылымының жағдайы: Алты жастағы бала келесі сөздерді  қатесіз айта алады: велосипедист, эксковатор,орындық және т.б.


  • Сонымен қатар:
  • Ұсақмоториканың дамуы: (саусақ ойындары, мүсіндеу, мозайка,жабыстыру жұмыстары).
  • Кеңістік функцияларының жағдайы:

.(түрлі жағдайларда «сол-оңды», дене  орналасуын анықтай  білу, түрлі қалыптарда заттарды, әріптерді тани білу). 

  • Коммуникативтік  функциялар: ( балалармен, үлкендермен қарым-қатынас жасау, нұсқаулықтарды тыңдай, есте сақтау және орындай білу).
  • Ойын іс-әрекетінің  жағдайы:

(дербес,  топта  ойнай білу, сюжеттік ойынды дамыту,  ережелерді ойлап таба және қабылдай білу).

Мотивация (оқуға, жаңаны білуге қалауы болу).

  • Зейін, есте сақтау үрдістерінің дамуы: (мысалы, 7-8 сөзді, заттарды есте сақтау).
  • Ойлаудың дамуы: («біз сөзбен ата» жалпылау,«топтарға бөл» жіктеу, артықты табумен  түсіндірумен  бөлу).
  • Ырғақ сезімі: (берілген ырғақты бала қағады, қол шапалақтайды)