Отбасындағы жағымды қарым-қатынас – бала дамуының негізі » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Отбасындағы жағымды қарым-қатынас – бала дамуының негізі
03
февраль
2026

Отбасындағы жағымды қарым-қатынас – бала дамуының негізі

Ата-ананың ерте жастан қамқорлық жасауының арқасында баланың дұрыс даму процесі жүзеге асырылады. Отбасында бала қоғамдағы болашақ дербес өмірге дайындалады, оған рухани құндылықтар, адамгершілік нормалар, мінез-құлық үлгісі, салт-дәстүрлер беріледі. Балалар отбасының басқа мүшелерімен, туысқандармен, таныстармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Біреуін олар жақсы көреді, біреуінен қашып жүреді, біреуімен ақылдасады, біреуіне сүйіспеншілік білдіріп, біреуінің сүйкімсіздігін жақтырмайды. Балалар өз ата-анасынан ойлауды, түсінуді және өз эмоцияларын бақылауды үйренеді. Махаббат және түсіністік атмосферасында тәрбиеленген оқушылар денсаулықпен байланысты проблемалар, мектептегі оқу мен құрдастарымен қарым-қатынаста кедергілер аз болады. Адалау және жақтырмау жағдайында тәрбиеленген балада ол балабақша мен мектепке барғанға дейін болашақ кедергілердің негіздері көрініс таба бастайды.
Отбасында бала алғашқы өмірлік тәжірибесін алып, алғашқы бақылауларын жасайды, әр түрлі жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді. Ересектер балаларды үйрете отырып, теория мен тәжірибенің арасы алшақтамас үшін оларға өз әрекеттерімен нақты үлгі көрсетулері керек. Жылау мен айқайлау бала үшін өзіне назар аудартатын бірден бір құрал, себебі ол өзін көрсетудің басқа тәсілін білмейді. Оның жылағаны бір нәрсені сұрау, ал оның өтінішін орындамау – онымен қарым-қатынас жасаудан бас тарту дегенді білдіреді. Осылайша, отбасылық тәрбие беру келесі қағидалармен негізделуі тиіс: балаға деген махаббат, адамгершілік және мейірімділік; балаға тұрақты қамқорлық көрсету; балаларды отбасының өмір тіршілігіне оның тең құқылы қатысушылары ретінде тарту; балаға құрмет көрсету; балалармен ашық және сенімді қатынаста болу; өзінің қойған талаптарының бірізділігі; балаға барынша көмек көрсету, оның сұрақтарына жауап беру дайындығы.