«Қош бол, балабақша!» Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош бол, балабақша!» Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар»
22
май
2026

«Қош бол, балабақша!» Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар»

«Қош бол, балабақша!»
Мектепалды даярлықтағы «Тұлпар» тобының тәрбиеленушілері үшін оқу жылының ең маңызды әрі толғанысты кезеңі – балабақшамен қоштасу мерекесі өтті.
Балалар балабақшада өткізген жылдар ішінде білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, достық пен сыйластықтың қадірін үйренді. Тәрбиешілердің қамқорлығы мен ата-аналардың қолдауының арқасында бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын аттауға жан-жақты дайын болып шықты.
Қоштасу кешінде тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін арнады. Бұл мереке балалардың балабақшадағы жарқын естеліктерін еске түсіріп, жаңа өмір белесіне қадам басуға деген қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Құрметті «Тұлпар» тобының түлектері! Сіздерге мектеп өмірінде табыс, биік жетістіктер, таусылмас білімге құштарлық және жарқын болашақ тілейміз. Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық болсын!