Атханова Альмира Бектургановна » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Атханова Альмира Бектургановна
09
октябрь
2025

Атханова Альмира Бектургановна

Мен, Атханова Альмира Бектұрғанқызы, 02 наурыз 1971 жылы туғанмын. Ұлтым – қазақ.

1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтын «Ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым. 2015 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білімімді толықтырдым. 2023 жылдың қараша айында Лондон қаласында (Ұлыбритания) мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибемен таныстым. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының заманауи, кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерін арттыру» курсын сәтті аяқтадым.

Еңбек жолымды 1995 жылы мұғалім қызметінен бастадым.
 2000 жылдан бастап  Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты  КМҚК «№116 бөбекжай-балабақшасында» тәрбиеші болып жұмыс істедім  және  Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты  МКҚК «№114 бөбекжай-балабақшасында» әдіскер қызметін атқардым.

2016–2024 жылдар аралығында Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты  КМҚК «№116 бөбекжай-балабақшасында»  меңгеруші қызметін атқардым.
 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «№166 бөбекжай-балабақшасында»  меңгерушу қызметімді жалғастырып келемін.

Педагогикалық еңбек өтілім – 35 жыл. Осы уақыт ішінде мектепке дейінгі білім беру үдерісінің сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және ұйымның тиімді басқарылуын қамтамасыз ету бағытында белсенді әрі нәтижелі жұмыс атқарып жүрмін. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби білігі жоғары, жаңашылдыққа құмар маманмын.