18
март
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты еске алу кеші
Медеу ауданы КМҚК «166 бөбекжай-балабақшасында» ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты еске алу кеші өтті✨
Кештің ашылуында ардагер қариялар мен қонақтарға сөз беріліп, ақын шығармашылығы туралы жүрекжарды ойларымен бөлісіп, балабақша ұжымына ақ батасын берді. Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаевтың кітабын сыйға тартты📚
Кеш барысында тәрбиеленушілер ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, педагогтар «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан әсерлі көрініс қойды. Балалардың өнері көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер сыйлады💫
Сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған «Наурыз думан», «Сарыжайлау» әндері орындалып, бүлдіршіндер музыкалық аспаптарда өнер көрсетті🎶
Іс-шара соңында белсенді балалар марапатталып, қонақтар өз ризашылықтарын білдірді🤍
Журналист Рая Ескендір кештің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
#МұқағалиМақатаев #ӘрӨлеңіБірӘлем #БалабақшаӨмірі #МедеуАуданы #Тәрбие #Өнер