05
февраль
2020
Педагог мәртебесі туралы заңды талқылау
Елбасы Жолдау орындау мақсатында Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Сапарова Агайша Амировнамен "Педагог мәртебесі туралы заңды" балабақша педагогтармен бірге талқылады. «Заңда педагогтар жалақысын осы жылдан бастап 25%-ға арттыру қарастырылған. Бұл қуанышты хабар, себебі мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтарының жалақысы жоғары емес. Сонымен қатар тәрбиешілерге педагогикалық шеберлігі үшін жалақы көлеміне сай 30% -дан 50%-ға дейін ақы төленетін болады. Қазіргі кезде тәрбиешілер мұғалімдермен тең құқылы.Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар ұстаздарына демалыс мерзімі 56 күнге дейін ұзарды. Одан бөлек, педагогтарға негізсіз тіл тигізгені үшін айыппұл қарастырылған.