22
март
2025
Наурыз мерекесі
Наурыз — қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі, жаңа жылдың, табиғаттың жаңару кезеңінің бастауы. Бұл күні ұйымымызда ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға құрметті қонақтар ретінде ардагерлер шақырылып, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс тапты. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Шара барысында ән-шашу, күй тарту, би билеу, айтыс, мәдени қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Әсіресе, ұлттық киім кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнері көпшіліктің көңілінен шықты.«Ынтымақ», «Достық», «Береке», «Наурыз» сынды атаулармен топтар құру әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор. Бұл атаулардың әрқайсысы Наурыз мейрамының басты құндылықтарын көрсетеді:
Ынтымақ – бірлік пен татулықтың белгісі;
Достық – адамдар арасындағы өзара құрмет пен сыйластық;
Береке – молшылық пен амандық;
Наурыз – жаңару мен көктемнің келуін білдіретін ұлы мереке.
Наурыз мерекесі баршамызға береке мен бірлік, татулық пен молшылық әкелсін деген тілектер айтылып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.