02
ноябрь
2018
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы Медеу ауданы №166 бөбекжай-балабақшасында 2018 жылдың қазан айының 22-ші жұлдызында талқыланды. Жолдауды біздің балабақшамызда талқылану ерекше өтті. Талқылауға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс Депутаты Балиева Зағипа Яхяновна, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының төраға орынбасары Халбеков Арман Бейсенбайұлы , «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының төраға орынбасары Мұқанова Меруерт Серікқызы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы , Медеу ауданы Білім бөлімінің бас маманы Дуитова Шынар Сағынышқызы қатысты. Балабақшаның тыныс-тіршілігін бақылып, тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен тілдесіп, оқу-тәрбие жұмыстарын қарап және топ бөлмелерін аралап, балабақша қызметкерлерімен сұхбат жүргізді. Елбасының жолдаудағы қаралған маңызды мәселенің бірі- ең аз жалақыны көтеруі балабақша қызметкерлерін қуантты. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартып, өзгерістер енетіні туралы атап айтты. Талқылау тартымды өтті. Талқылау соңында балабақша тәрбиешісі «Нұр Отан» партиясының «Үздік партия мүшесі» аудандық байұауының ІІ-ші орын иегері Джексенбиева Әлия қысқаша баяндамасымен аяқтады.
«Арман» бастауыш партиясының хатшысы : Сабырханқызы Айгерим
«Арман» бастауыш партиясының хатшысы : Сабырханқызы Айгерим