Өзіндік бақылау.Балабақша жұмысының жарты жылдық қорытындысы » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзіндік бақылау.Балабақша жұмысының жарты жылдық қорытындысы
25
декабрь
2023

Өзіндік бақылау.Балабақша жұмысының жарты жылдық қорытындысы

КМҚК №166 бөбекжай-балабақшасының бір жылдық қорытындысы

Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «Думан» ықшам ауданындағы  МКҚК №166 бөбекжай-балабақшасы 2010 жылы Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасымен ашылды. 16 топтық  390 орынға арналған.  Оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі. Алматы қаласы  Медеу  ауданы «Думан» ықшам ауданында алғашқы  ашылған Мемлекеттік балабақша болғандықтан балабақшаға деген сұраныс  жоғары. Балабақшада балаларға бар жағдай жасалынған. Музыка, дене шынықтыру залы, бассейн, психолог, логопед, тұз шахтасы, еден интерактивті тақта, сенсорлық кабинеттермен қазіргі заман талабына сай қамтамасыз етілген. Баланың денсаулығына аса көңіл бөлінеді.   Жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жылдық міндеттемені орындау барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. 2010 жылы № 166 бөбекжай-балабақшасын қала әкімі Ахметжан Есімов өзі келіп ашып , думандықтардың қуанышына ортақтасты. Бұл балабақша халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында «Балапан» бағдарламасымен 4 жыл қамтамасыз етілді.

2023 жылдың қаңтар айында ІІІ қалалық мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілермен педагогтердің театрландырылған-шығармашылық «Театрдың ғажайып әлемі» атты байқауына қатысып «Көгершін» мектепалды даярлық тобының тәрюиеленушілерімжәне педагогтарымыз қатысып аудан бойынша 1-ші орынды жеңіп алды. 


Ақиық ақын М.Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін танытыу. Ақын өлеңдері арқылы балаларды Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай барлық топтарда ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Жыл сайын өткізілетін «Шексіз талант» аудандық байқауына педагогтарымыз қатысып, «Хореография» номинациядан 3орын, «Аспаптық музыка» және «Декоративті-қолданабалы өнер» номинациядан Бас жүлдені жеңіп, қалалық байқаудан «Аспаптық музыка» номинациядан 1-ші орын, «Декоративті-қолданбалы өнер» номинациядан логопед Аппакова Назаира Шахмаевна 2 орынды жеңіп алды.

Ұлттық мереке – Наурыз мерекесін «Думан» ықшам аудан тұрғындары ерекше ақ пейілмен, шын ниетпен асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын деп қарттарымыз тілек білдіре отырып, ұлық мерекені  ауқымды   атап өтудегі басты мақсат- салт-дәстүр мен Наурыз құндылықтарын дәріптеу.

Балабақша ұжымы бірлесіп сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі соғыс ардагері Нұрышев Олжабай атамыздың шаңырағында болып, сый-құрмет көрсетіп, сыйлықтарын табыстап қайтты.


 «Думан» ықшам ауданындағы № 172 мектеппен тығыз қарым-қатынаста болып, балабақшаның түлектерін балабақшамыздың педагогтері жоғары деңгейде мектепке даярлайды. Жыл сайын 110-120 балаларды мектепке шығарып салады. Бала- өмірдің гүлі. Ата-анасының ыстық құшағынан арылмаған бір үйдің еркесі болған балаларды білім мен тәрбие беріп, бойына патриоттық сезім қалыптастырып , инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеуде білім саласының алғашқы баспалдағы- балабақша мен мектептің   қосар үлесі зор.

Жазғы сауықтыру іс-шараларында жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі қолға алынатын маусымдық уақыт кезеңі. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы – олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Яғни, бала тек қана ойынмен  күнді жоспарламай, арнаулы шеберлігін шыңдауға бағытталған апталықтар мен сайыстарға қатыса отырып, өзінің жетістікке қабілеттілігін сезіну арқылы, белгілі деңгейде қалыптаса алады.

Осы балабақша ашылған жылдан бастап, жыл сайын қарттарымызды «Қарттарым-халқымның қазынасы» дегендей құрметтеп, түрлі іс-шараларды қызықты да тартымды өткізуге Ардагерлер алқасының және қарттарымыздың үлесі өте зор.   

13 желтоқсан 2023 жылы ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық мектепке дейінгі ұйыдардың дене шынықтыру нұсқаушыларына "Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде дәстүрден тыс құралдар мен жаңа форматтағы ойындарды қолдану" ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.

Тақырыбы:«Жарқын болашаққа жаңа қадам»

Мектепалды даярлық топтарына арналған дене шынықтыру ашық оқу іс-әрекеті.

Мақсаты:Жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл, дүниетанымы жоғары, дене мәдедиеті қалыптасқан, салауатты өмірге тәрбиелеу.


  Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десе болады. Сондықтан, бала бойына құнды қасиеттерді сіңіріп, бақытты балалық шақ сыйлауда отбасы мен балабақшаның ықпалы зор.  Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға ата-аналардың белсенді қатысуы балабақша қызметкерлеріне қуаныш сыйлайды.


Балабақша тәрбиеленушілері мен балабақша ұжымы аудандық, қалалық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып марапатталады. Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі қолданылған әдістемелік жұмыстары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының  газет-журнал беттерінде мақалалар мен сұхбаттар жиі жарияланып отырады. Педагогтар оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде жаңа технологияны меңгеру барысында  біліктіліктерін арттырып, ізденімпаздықпен, шығармашылықпен, мейіріммен  адал еңбек ету- біздің қызметкерлердің басты ұстамы. Біздің бақытымыз балаларымыздың болашағы жарқын, өмірлері алтын болсын.