21
октябрь
2021
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары бұл – балалардың да және үлкендердің де денсаулығын нығайтуға арналған. Біз бала бақшада тыныс алу жаттығуларын жалпы дене шынықтыру және таңертеңгі жаттығулардан күнделікті ұйқыдан соң жасатамыз. Таңертеңгі жаттығулардан соң мысалы: біз 2 – 3 тыныс алу жаттығуын жасауды ұсынамыз. Жаттығу жетісіне бір рет алмастырылады. Тыныс алу жаттығуларына ең алғашқы даярлық – бұл балалардың жеңіл әрі ыңғайлы киінуі. Ал күндізгі ұйқыдан соң іш киімінде ғана болған жөн. Ең негізгі шарт бөлме ауасын желдету.