"Сиқырлы құм" жаңа технологияны қолдану. Қалалық ашық оқу қызметі
ББС: "Қатынас"
ҰОҚ: Сауат ашу және жазу негіздері
Бөлім: 1. Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.1.Сөздің дыбысталу формасын ажырату
Тақырыбы: Сиқырлы құм (Бекіту қызметі)
Оқу мақсаты: 0.1.1.2. сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін(дауысты,дауыссыз)
ажыратып , дұрыс дыбыстау
ҰÎҚ ìàқñàòû: Жаңа технология кинетикалық құмды , АКТ қолдану арқылы,
ҰОҚ деген қызығушылығын арттыру; баланың шығармашылық
әлеуетін, сөздік-логикалық ойлауын,қиялын, қолдың ұсақ
маторикасының дамуымен қатар , сипап сезу арқылы тактильді
сезгіштігін дамыту; есте сақтау қабілеттерін арттырып,
сөздік қорларын жетілдіру.
Күтілетін “А”, “Н”, “Л” әріптерін таниды;дыбыстардың дауысты , дауыссыз
нәтиже: екенін ажырата біледі ;ҰОҚ деген қызығушылықтары артып,
қолдың маторикасы дамиды; сипап сезу арқылы тактильді
сезгіштігі дамиды; есте сақтау қабілеттері артады.
Психологиялық көңіл күй.
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі ҰОҚ Сауат ашу және жазу негіздері! Тақырыбы: Сиқырлы құм
Ғажайып сәт
-Балалар, бізге қонаққа Аия келіпті! Сендерге әкелген сыйлықтары бар екен! Бірақ сыйлықты алмас бұрын, біз Аияның тапсырмаларын орындауымыз керек! Дайын болсаңдар қонағымызды шақырайық.АКТ арқылы Аия тапсырмаларын береді. Слайд.
1. Тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны
Ø Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Ø Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Балалардың жауаптары. Аияның бір алмасы себетке түседі.
2.Тапсырма:«Сиқырлы құм» ойыны.
Шарты: Жұмбақ жасырылып,балалар жауабын,құмның ішінен табады.
Құмның ішінде «А», «Н», «Л» дыбысынан басталатын бірнеше мүсінді табады.
3.Тапсырма .Талқылау сұрақтары:
-Құмның ішінен ненің мүсіні шықты?
-«Аю» сөзін буынға бөліңдерші!
-Қанша буын бар екен?
-«А» дыбысы қандай дыбысқа жатады?
-Балалар, «лақ» сөзінің басында қандай дыбыс тұр?
-Қандай текшемен белгілейміз?
-Балалар, «найза» сөзінің басында қандай дыбыс тұр?
4.Тапсырма. «Жаңылтпаш»
5.Тапсырма .Сергіту сәті «Хоки,поки» әні
6.Тапсырма: Сиқырлы құмда «А», «Н», «Л» әріптерін жазамыз.
7.Тапсырма.Сиқырлы құммен сурет саламыз. Жеке жұмыс.
Суретті балалар өздері таңдап алады
8.Қорытындылау. Кері байланыс:
- Балалар, нені білдік?
-Нені үйрендік ?
- Өте жақсы балалар, сендер Аияның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар! Дыбыстық талдау жасадыңдар; «А», «Н», «Л әріпін жаза білдіңдер;сұрақтарға жедел жауап бере алдыңдар. Сиқырлы құмда сипап сезу әдісін қолдана білдіңдер,... Аия сендерге бір себет алма сыйлыққа әкелген екен, мен сендерге таратып беретін боламын! Олай болса Аиямен қоштасамыз!