1 қазан - Қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Балалар ата-әжелеріне арнап тақпақтар, әндер шырқады. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.