ҚР Президентінің халыққа жолдауы » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Президентінің халыққа жолдауы
02
сентябрь
2020

ҚР Президентінің халыққа жолдауы

Медеу ауданы №166 бөбекжай – балабақша қызметкерлер арасында  Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқыланды.

            №166 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Ималова Роза Майданқызы.: Биылғы Президенттің Жолдауы айтарлықтай ерекше болып отыр. Елбасымыздың айтуы боынша: тұрғындар үшін жолдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі - зейнетақыға қатысты. Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, келер жылдан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Жолдау барысында білім беру саласын да айналып өтпеді. Ол қашықтан білім беру үшін әлі нақты онлайн-платформа жасалмағанын сынады. Сондықтан, ол "Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет" екенін айтты. 

Тәрбиеші Алма Азамбайқызы сөз алып жолдауда 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шеші өте орынды деп есептеймін: деп өз пікірін білдірді.