"Алматы - адалдық алаңы" жобаны ұжым арасында талқылау » ГККП "Ясли сад №166"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№166 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 386-44-06
Әдіскер телефоны:
+7(727) 382-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Алматы - адалдық алаңы" жобаны ұжым арасында талқылау
18
март
2019

"Алматы - адалдық алаңы" жобаны ұжым арасында талқылау

Елбасының «Қазақстандық әл-ауқатының өсуі: өмір сүру сапасын арттыру және өмір сапасы» атты Жолдауында еліміздің барлық өңірлерінде «Сыбайлас жемқорлықсыз аймақтар» жобасын жүзеге асыру тапсырды.

Осыған байланысты Алматы қаласында «Алматы – адалдық алаңы» жобасы өз бастауын алды, ол қаламыздың тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін әрі қарай дамытуға бағытталған. Аталмыш жоба ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен іске асырылды. 

«Алматы - адалдық алаңы» бірлескен жобасы күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыру. Жобалық офисінің бағыты мемлекеттік қызмет беру, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлуметтік қорғау, сәулет құрылыс және жер қатынастары мәселелері және басқа мәселелерді шешуге бағытталған. 

Аталған жобалар қатарында «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы, бизнес шығындарын төмендетуге арналған 3D картасы құрылды, балабақшаға және мектептің бірінші сыныбына орындар бөлу автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Жалпы Алматы қаласында сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау және адам факторын төмендету мақсатында цифрландыру мүмкіндіктері белсенді қолданылады. Қалада барлық цифрландыру жобалары келесі негізгі ұстанымдарда қалыптасқан: ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты әкеп соғатын факторларды болдырмау, экономикалық қайтарым жене қызмет беру сапасын көтеру.