Астана біздің сүйікті қаламыз » ГККП "Ясли сад №166"
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Астана біздің сүйікті қаламыз
11
июль
2017

Астана біздің сүйікті қаламыз

Астана біздің сүйікті қаламыз

Астана біздің сүйікті қаламыз
Бүгін сайын дала- Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің екі жағын бойлай орналасқан, таңмен таласа оянып, алау нұрға боянып, күнмен жарыса көкке өрлеп,ертегі кейіпкеріндей өсіп келе жатқан жас қала - елордамыз Астананың туған күні. Астана- елдің ордасы ,ұлттың айнасы. Еліміздің жүрегі, еркіндіктің тірегі - айбыны асқан елордамызға арналған «Жалын» мектепке даярлық тобының «Астана -біздің сүйікті қаламыз» атты ертеңгілік өтті.
Астанамыздың туған күнімен бірге елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының да туған күні. Қос мереке қарсаңында үлкен іс -шаралар жылдан- жылға жарыса тойлануда. Ертеңгілігіміздің мақсаты Елбасымыздың ерлігін балаларға дәріптеп, балаларды еңбекқорлыққа, сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.Баланың ізгілік қасиетін дамыту,отанға ,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Елбасымыз Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына қосты.Сонымен қоса Астанамызды жандандырып, гүлдендірді .Астанада көптеген зәулім ғимараттар бой көтерді.
Қазақстанның жетістіктерін әлемге паш еттетіндей ЭКСПО -2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастырды ЭКСПО 2017- Қазақстанның елордасы Астана қаласында «Future Energy» ( «Болашақ қуатты») атты тақырыпта өткізіліп жатқанын айтып өттік.
Бүгінгі Астананың өркендеуі -мемлекетіміздің өркендеуінің куәсі болғандықтан, кім- кімнің болса да көз жауын алары сөзсіз. Сондықтан жаратқан өзіңді сұқ көзден сақтасын! Еліміздің жүрегі, еркіндіктің тірегі -айбыны асқан Елордам, өсе бер,өркендей бер!
Асқақтай бер, Астана!
Ұйымдастырушылар:Әдіскер: Абжанова Жанар Растумқызы, Тәрбиеші: Джексенбинова Алия Туякбаевна, Ән жетекші: Даулетбаева Құралай Нұрланқызы

Похожие публикации:

13 февраль 2017 "Жырлайды жүрек"
28 апрель 2016 Мерекелер
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив